AMANAT партиясының кезектен тыс Съезі 7 ақпанда өтеді

AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.